$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.07.2020, 16:47
Жаңалықтар

Алматыға Ресейден коронавирусқа қарсы дәрілік препараттар жеткізілді

Алдағы бірер күнде Үндістаннан да дәрі тиелген ұшақ келеді

Алматыға Ресейден коронавирусқа қарсы дәрілік препараттар жеткізілді

Ресейден дәрі тиеген алғашқы ұшақ Алматыға келіп қонды. Көрші елден екі рейспен 55 тонна медикаменттер жеткізілуі тиіс болатын. Бұл – соның алғашқысы.

Жеткізілген жүк құрамында әлеуметтік маңызды 10-нан астам препарат атауы бойынша шамамен 3 млн қаптама, соның ішінде, дене қызуын түсіретін және COVID-19-ға қарсы басқа да дәрілік құралдар бар. Атап айтқанда, азитромицин, цефтазидим, ибупрофен, фраксипарин, метронидазол, цефтриаксон, гепарин, нимесулид, левофлоксацин, меропенем порошок, эноксапарин-бинергия және басқалары бар.

Дәрі-дәрмек Азаматтық авиация комитетінің арнайы бортымен елге жеткізілді. Отандық нарықты қажетті дәрілік өнімдермен қамтамасыз ету үшін мұндай рейстер жиі ұйымдастырылады.

Ал, Алматыға жеткен жүкті қабылдап алу және таратуды Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы әкімдігі өз мойнына алған.

«Біздің тарапымыздан ҚР Үкіметіне препараттарды сертификаттау, жаңа препараттарды жедел тіркеу және тез жеткізу процедураларын жеңілдету ұсынысы жасалды. Бұл ұсынысты экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия қолдады. Осылайша, біз медициналық препараттарды сертификаттау мен оларды жеткізудегі процедуралардың жеңілдетілуіне қол жеткіздік. Осы шаралардың бәрі қаланы дәрімен қамтамасыз етуге және жедел жеткізуге мүмкіндік береді», - дейді Алматы қаласы әкімдігінің қаланы дәрілік препараттармен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіруші Заңғар Сәлімбаев.

Биыл шілде айының ортасында Үндістаннан екі партия дәрі-дәрімек келеді деп күтілуде.

Қазақстанға жеткізілгеннен кейін дәрілік препараттар ірі төрт фармацевтикалық компания арасында одан ары дәріханаларға жеткізілу үшін бөлінеді. Олар: «Медсервис плюс» КФК ЖШС, «Химфарм» АҚ, «Нобель Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ және INKAR желілері.

Атап өтерлік жайт, Ресейден келетін жүктен өзге, Алматыға шілденің соңына дейін әлеуметтік маңызы бар шамамен 4,2 млн қаптама дәрі-дәрмек жеткізіледі деп күтілуде.

«Бүгін біз Үкіметтің қолдауы арқасында Ресейден екі ұшақтың келуін күтудеміз. Ең қажет препараттар жеткізіледі. Біз өте қажет дәрі-дәрмектің 13 түрін жабамыз. Олар – азитромицин, цефтриаксон, ибупрофен және басқалары. Үндістаннан да жеткізілім жоспарланған. Ұшақтар коронавирус инфекциясын емдейтін препараттарды ғана бізге тасымалдайды», -  деді «INKAR» ЖШС бас директоры Әлия  Ерімбетова.

Еске салсақ, Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша дәрі-дәрмектерді іркіліссіз жеткізу үшін өндірушілермен, ірі жеткізушілермен және дәрі-дәрмек дистрибьютерлерімен белсенді жұмыстар жүргізілуде. Барлық фармкомпания 1 шілдеден бастап дәріханаларға әлеуметтік маңызы бар 581 мың дана препаратты жөнелтті, олардың ішінде парацетамол, аспирин, ингавирин, ибупрофен, азитромицин және басқа дәрілер, сонымен қатар термометрлер бар.

Серіктес жаңалықтары