«Тексеру жұмысының тиімділігі төмен»: Тоқаев есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейтуді тапсырды
Президеттің айтуынша, заңсыз жолмен табылған табыс мемлекетке қайтарылуы тиіс
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңды тұлғалардың күмәнді табыстарды заңдастыруына қатысты жазаны күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президеттің айтуынша, заңсыз жолмен табылған табыс мемлекетке қайтарылуы тиіс.
«Есірткі бизнесімен күресті күшейту қажет. Өкінішке қарай, қазір есірткі саудасынан түскен табысты тексеру жұмысының тиімділігі төмен. Қылмыскерлердің заңсыз жолмен тапқан жеке мүлкімен қатар, басқа адамдардың атына рәсімдеген мүлкі де мемлекетке қайтарылуға тиіс. Қысқасы, қылмыстық жолмен иемденген мүліктің бәрін тәркілеу мәселесін мұқият пысықтаған жөн. Заңды тұлғалардың күмәнді табыстарды заңдастыруына қатысты жазаны күшейту керек. Бұл қадам халықаралық стандарттарға толық сай келеді», – деді мемлекет басшысы.