$ 507.05  594.82  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шұғыл: Тоқаев Парламенттің атауын Құрылтай деп өзгертуді ұсынды

Онда 145 депутат болады

Шұғыл: Тоқаев Парламенттің атауын Құрылтай деп өзгертуді ұсынды
Фото: Ақорда

Ұлттық құрылтайдың V отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Парламентті Құрылтай деп атауды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 

«Еліміздің саяси жүйесінде құрылтай атауын сақтап қалу – аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде біздің тарихымыз бен болашағымызға қатысты шешуші қадам. Президенттің айтуынша, құрылтайдың тарихи маңызы мен ұғымы Қазақстанның саяси мәдениетінде терең орын алады. Сондықтан бұл атауды сақтау еліміздегі саяси тұрақтылықты нығайта түседі»,- деді Тоқаев.

Ол атағандай, депутаттар саны туралы пікірталастар қоғамда қызу талқыға түсті.

«Бірінші тарап халық санына қарай пропорционалды өкілдік жүйесін ұсынса, екінші тарап депутаттардың санын 500-ге дейін арттыруды ұсынды. Алайда, Президенттің пікірінше, мәселе санында емес, сапасында. Парламенттің тиімді әрі кәсіби болуы үшін, ең бастысы, нағыз отаншыл азаматтар мен білікті мамандар отырса жеткілікті.Жұмыс тобы азаматтардың ұсыныстарын мұқият зерделеп, қызу талқылау жүргізді. Ақырында, парламенттің мандат саны 145 болуы керек деген пікірге келді. Сонымен қатар, жаңа парламентте төрағаның үш орынбасары болуы мүмкін, ал комитеттердің саны 7-ден аспайды»,- деді Тоқаев.