Аяз бен боран: 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Кей өңірлерде -45 градусқа дейін аяз болады
Синоптиктер дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның басым бөлігінде қатал қыс қаһарынан қайтпай тұр: кей өңірлерде -45 градусқа дейін үскірік аяз сақталса, солтүстікте жаяу боран соғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Шығыста температура -45°C-қа дейін барады
Еліміздің шығыс аймақтарында антициклонның әсерінен аномальды суық ауа райы сақталуда. Дүйсенбіге қараған түні термометр бағаналары шектік деңгейге дейін төмендейді:
Шығыс Қазақстан облысың солтүстігінде -45°C өте күшті аяз болады. Ал облыстың қалған бөлігінде -40°C суық сақталады.
Абай облысының шығысында түнде ауа температурасы -40°C болады деп болжануда.
Жетісу облысының оңтүстік-шығысында да қыс қаһары сезіледі, түнде -22-27°C аяз күтіледі.
Маңғыстау облысының өзінде, атап айтқанда солтүстік-шығысында -22°C суық болады.
Солтүстік пен оңтүстікте қар мен боран болады
Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталғанымен, кей өңірлерде атмосфералық фронттардың әсерінен қолайсыздықтар туындайды:
Солтүстік пен Солтүстік-батыста қар жауып, жаяу боран соғады деп күтілуде. Көріну деңгейі төмендеп, жолдарда қиындықтар туындауы мүмкін.
Елдің оңтүстігінде де қар жауады.
Жалпы республика бойынша тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады және жел күшейеді.
Тұрғындарға арналған сақтық шаралары
Осындай экстремалды ауа райы жағдайында мамандар келесі ережелерді сақтауды сұрайды:
1. Техниканы тексеру: Дизельді көлік иелеріне алыс жолға шықпауға кеңес беріледі, себебі отын қатып қалуы мүмкін.
2. Үсуден сақтану: Далада ұзақ болмауға тырысыңыз, әсіресе балалар мен қарттарға абай болу керек.
3. Жолдардың жағдайы: Түнгі уақытта тасжолдардың жабылуы мүмкін екенін ескеріп, «112» қызметінің хабарламаларын бақылаңыз.