$ 510.95  594.49  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның тұңғыш бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы қайтыс болды

Қаралы хабарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми түрде растады

Қазақстанның тұңғыш бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы қайтыс болды
Фото: ҚМДБ

Қазақстанның тұңғыш бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы қайтыс болғаны туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаралы хабарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми түрде растап, қазіргі мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының көңіл айту хатын жариялады.

«Қазақстанның тұңғыш мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы хазіретіміз қайтыс болды деген қаралы хабар менің де жаныма қатты батты. Жуырда ғана Рәтбек ұстаздың үйінде болып, ахуал сұрасып, сұхбаттасқан едік. Ақсақалдың дәм-тұзы таусылған екен. Алла алдынан жарылқасын. Иманы өзіне серік болсын.

Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан марқұмның отбасына, туған-туыстарына, еліміздегі барша мұсылман қауымына көңіл айтамын. Марқұмның мәңгілік мекені жәннат болғай», – дейді Наурызбай қажы.

Ол сөзін жалғай отырып, тұңғыш мүфтидің еңбегі жайлы тоқталып өтті.

«Рәтбек хазіретіміз мүфти болған жылдары мұсылман мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас орнатып, ынтымақтастықты арттыра түсті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының іргетасын қалаған Рәтбек Нысанбайұлы өзі басқарған мерзім ішінде 30-дан астам мешіт салдыруға ықпал етті.

Халықтың діни сауат ашуына ден қойды. Рәтбек қажы ақсақалдың мүфтилік кезеңі «алғашқы сауат ашу кезеңі» деп аталды. Өйткені, осы кезеңде халықтың діни сауатын ашу маңызды істің бірі болды. Ұстазымыз бойында бар күш-қайратын шәкірт тәрбиелеуге арнады. Өзінен кейінгі шәкірттеріне әрқашан ағалық кеңесін айтып, жанашырлық танытты.

Алла Тағала Рәтбек хазіретіміздің отбасына көркем сабыр бергей. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болғай. Діни салада жасаған сауапты амалдарының игілігін көргей. Әмин!» – деп жазды бас мүфти.

Серіктес жаңалықтары