$ 510.95  594.49  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкенттік дәрігерлер ішегі бірнеше жерден тесілген азаматты құтқарып қалды

Операция 1,5 сағатқа созылған

Шымкенттік дәрігерлер ішегі бірнеше жерден тесілген азаматты құтқарып қалды
Фото: ӘМСҚБҚ

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының дәрігерлері 38 жастағы азаматты ажалдан арашалап қалды. Науқас ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Тексеру барысында оның ас ішегі 3-4 жерден тесіліп, іш қуысына инфекция тарағаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дәрігерлердің айтуынша, асқазаннан өткен шамамен 3 сантиметр өткір сүйек ішекті тесіп, перфорацияға әкелген. Соның салдарынан перитонит іш пердесінің жедел қабынуы басталған. Сонымен қатар, науқаста тамақ өтімсіздігі де байқалған.

Otyrar хабарлағандай, шұғыл түрде хирургиялық операция жасалды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында өткен ота барысында хирургтер ішекті тесіп тұрған сүйекті алып, зақымдалған ішек бөліктерін тігіп, қалпына келтірді. Сондай-ақ іш қуысы толық тазартылып, перитониттің зардаптары жойылды.

Операция 1,5 сағатқа созылып, жалпы жансыздандырумен өтті. Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты.

Ота жасаған хирург-дәрігер Нұрғали Тұрлыбаевтың айтуынша, дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында ауыр асқынулардың алдын алу мүмкін болған. Ал науқастың өзі дәрігерлерге кәсіби шеберлігі мен медициналық көмегі үшін алғысын білдіріп отыр.

Дәрігерлер тұрғындарды тағам тұтыну кезінде абай болуға шақырады, себебі бөгде заттардың жұтылуы өмірге қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.

 

 

Серіктес жаңалықтары