$ 509.75  594.67  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сауда министрлігі АҚШ-тың мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді (ВИДЕО)

Қазақстан халықаралық сауда-экономикалық міндеттемелерін орындап келеді

Сауда министрлігі АҚШ-тың мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді (ВИДЕО)
Фото: © freepik.com

Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігі халықаралық сауда-экономикалық күн тәртібі мен жағдайдың даму үрдісін, оның ішінде АҚШ-тың Иранмен сауда байланысы бар елдерге қатысты жариялаған мәлімдемелерін мұқият қадағалап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазіргі уақытта ықтимал шаралардың қолдану параметрлері әлі нақты белгісіз, осыған байланысты министрлік әртүрлі даму сценарийлерін бағалап отыр»,  - деді ҚР СИМ ресми өкілі Тойгүл Жұбанисова.

Сонымен қатар Қазақстан өзіне алған халықаралық сауда-экономикалық міндеттемелерін тұрақты түрде орындап келеді және сыртқы экономикалық саясатта салмақты әрі прагматикалық ұстанымды басшылыққа алады.

Еске салсақ, осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен ынтымақтасқан елдердің барлығына 25 пайыз баж салығын салатынын айтты. 

 

 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#АҚШ #Иран #салық