$ 509.84  595.75  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісуда жасөспірімдер ЖИ арқылы жалған чек жасап, адамдарды алдаған

Олар сатушыларды жаңылыстарған

Жетісуда жасөспірімдер ЖИ арқылы жалған чек жасап, адамдарды алдаған
Фото: freepik.com

Жетісу облысында үш кәмелетке толмаған азаматтың жалған банктік чектерді жасау үшін жасанды интеллект құралдарын пайдаланып, сатушыларды жаңылыстыру арқылы тауарларды бірнеше рет жымқырғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құқыққа қарсы әрекет нақты ақша қаражатының түсуі мен сатып алушылар ұсынған электрондық чектер арасындағы сәйкессіздікті байқаған кәсіпкерлердің өтініштерінен кейін жедел анықталды. Аталған дерек бойынша алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет жасалған алаяқтық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Жетісу облысының прокуратурасы кәсіпкерлер мен барлық азаматтарды прокуратурасы сақтықты күшейтуге шақырады, сондай-ақ төлемдерді тек банктердің ресми мобильді қосымшалары және транзакцияларды растау сервистері арқылы тексеруді ұсынады.

Серіктес жаңалықтары