09.12.2025, 14:58
Жаңалықтар
Ақтауда із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам өлі табылды
Марқұмның жасы 33-те болған
Фото: istockphoto.com
Ақтауда полицияға 33 жастағы ер адамның жоғалып кеткені туралы арыз түсті. Іздеу шаралары барысында оның денесі табылып, мәйіттен зорлықпен өлтіру белгілері анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжамға сәйкес, қылмыс тұрмыстық жанжал негізінде жасалған болуы мүмкін.
«Күдіктілердің жеке тұлғалары анықталды. Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Сағындық Аяғанов оқиға орнына өзі барып, тергеу барысын ерекше бақылауға алды. Қазіргі уақытта оларды ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешенді жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомство.
Көп оқылған
21.10.2026, 11:33
Маңғыстауда кәсіпкер жалған құжат жасап алып, шетелге танкерімен 45 млрд теңгенің мұнайын апарып сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 09:33
«Ішерге су, жеуге тамақ жоқ отырған»: ШҚО-да полиция тарақандардың арасында өмір сүрген төрт баланы ата-анасынан алып кетті (ВИДЕО)
21.10.2026, 16:07
Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады
21.10.2026, 16:49
Ажырасқаннан кейін де бірге өмір сүрген: Таразда ер адам экс-жұбайын есінен танғанша ұрған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды