$ 503.89  587.54  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда инкассатор көлігі апатқа ұшырап, бір адам қаза болды, бірнеше млн тг өртеніп кетті (ВИДЕО)

Карқаралы қаласының тұрғыны қаза болды

Қарағандыда инкассатор көлігі апатқа ұшырап, бір адам қаза болды, бірнеше млн тг өртеніп кетті (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Қарағанды облысында инкассатор көлігі жол-көлік оқиғасына ұшырап, салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Куәгерлердің айтуынша, көліктердің бірі қарсы жолаққа шығып кетіп, басқа автомобильге соғылған. Салдарынан қатты соққы болып, автокөлік өртенген.

Оқиғаның егжей-тегжейі

Белгілі болғандай, 2025 жылғы 2 желтоқсанда шамамен 16:05-те Toyota Camry көлігі Қарағайлы ауылына қарай бағыт алып келе жатып, қарсы жолаққа шығып, Қазпошта Карқаралы бөлімшесіне тиесілі инкассаторлық Lada Largus көлігімен соқтығысқан.

Қатты соққыдан кейін Lada Largus өртеніп кеткен. Салонда көліктің ішінде болған үш миллион теңгеден астам қаражат та автокөлікпен бірге толықтай жанып кеткен.

Инкассатор көлігінің жүргізушісі қаза тапты

Жол апаты салдарынан Lada Largus көлігін жүргізген Карқаралы қаласының тұрғыны қаза болды. Ал жолаушысы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Camry жүргізушісі, Қарағайлы ауылының тұрғыны, мас күйінде болған. Полицейлер оның бір жыл бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылғанын да анықтады.

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген пікірінде қайғылы оқиғаны растады.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, Camry жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қарағанды облысының Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жылдамдықты асырмауға тағы да шақырады», – деп хабарлады полиция.

Серіктес жаңалықтары