$ 508.2  589.82  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев БАӘ президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық мерекесімен құттықтады

Тоқаев БАӘ президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мен оның отандастарын Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық мерекесімен құттықтады.

Президент жеделхатта Араб Әмірліктерінің орнықты дамуды қамтамасыз ету мен қауіпсіздікті нығайту жолындағы беделі жаһандық деңгейде мойындалғанын атап өтті. Сонымен қатар екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның жауапты қызметіне толағай табыс, ал Әмірліктер халқына бақ-береке тіледі.

Серіктес жаңалықтары