02.12.2025, 17:47
Жаңалықтар
Павлодар облысының әкімі әпкесінің ұсталуына қатысты пікір білдірді
Оның ішімдікке мас күйде рульге отырғаны туралы ақпарат тарады
Фото: Павлодар облысының әкімдігі
Павлодар облысының әкімі Асайын Байхан әпкесінің жауапқа тартылуына қатысты ресми пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде шенеуніктің әпкесі мас күйде рульге отырғаны туралы ақпарат тарады. Осы ісі үшін ол жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылып, өзі 15 тәулікке қамауға алынды.
Осыған қатысты әкім былай деп пікір білдірді:
«Менің үлкен әпкемнің әкімшілік жауапкершілікке тартылуына қатысты мынаны айта аламын: барлық азамат заң алдында тең. Менің әпкем де, отбасымыздың басқа мүшелері сияқты, бұл қағидаттан тыс емес», – дейді Павлодар облысының әкімі.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды