$ 516.86  598.68  6.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлытау облысында «Союз МС-28» зымыранының бөлшегі құлады

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі оқиғаны растады

Ұлытау облысында «Союз МС-28» зымыранының бөлшегі құлады
Фото: Роскосмос/Иван Тимошенко

Ұлытау облысында жергілікті тұрғындар ғарыш кемесінің сынығына ұқсас үлкен металл зат тапты. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан уақыты бойынша 27 қараша күні сағат 14:27-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз МС-28» зымыран тасымалдаушысы экипажымен сәтті ұшырылды. Халықаралық ғарыш станциясына 74-ші ұзақ мерзімді экспедицияның экипажы жөнелтілді.

Жауапты министрлік тұрғындар тапқан сынықтар «Союз МС-28» зымыранның бірінші сатысының бөлшектері екенін растады. Қазақстан мен Ресейдің экологтары Ұлытауға құлаған бөлшектерді зерттеді.

«Зымыранның бірінші сатысы белгіленген аумаққа, халық көп қоныстанбаған Ұлытау өңіріне құлады. Халыққа ешқандай қауіп жоқ. Орындарда «Роскосмос» және Қазақстан мен Ресейдің экологтары жұмыс істеп жатыр. Өлшемдер жүргізіліп, сынамалар алынады. Алғашқы мәлімет бойынша экологияға зиян жоқ», — деп хабарлады ведомство.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, «Союз МС-28» экологиялық таза отынды – керосин мен сұйық оттегіні қолданады.

«Құлаған сынықтар радиациялық, химиялық немесе биологиялық қауіп төндірмейді», — деп сендірді ведомство.

Серіктес жаңалықтары