26.11.2025, 10:53
Жаңалықтар
Алматыда өрт сөндірушілер 1983 жылы шыққан көлікті аман алып қалды (ВИДЕО)
Өрт сөндірушілер көлікті сыртқа шығарып үлгерген
Фото: istockphoto.com
Алматыда өрт сөндірушілер 1983 жылы шығарылған көлікті қызыл жалыннан аман алып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ мәліметінше, қызыл түсті сирек кездесетін 1983 жылы шығарылған ВАЗ 2106 автокөлігінің иесі өрт сөндірушілерге алғыс білдірді.
«Мамандандырылған өрт сөндіру жасағына үлкен алғысымды білдіремін, көлікті сыртқа шығарып, тиісті деңгейде әрекет етті. Өрт маған жеткен жоқ, көліктерді де, тауарларды да уақытылы шығарып үлгерді. Қажетті жұмыстың бәрін жасап үлгерді», – деп алғысын білдірді құтқарушыларға оқиға орнынан азамат Тоқтиев Равиль.
Айта кетейік, Алматы қаласының Сейфуллин даңғылында орналасқан жеке тұрғын үй аумағында ТҚКС, монша және дүкен өртенген болатын.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды