$ 518.4  598.13  6.55
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарасуда кәсіпорын басшылығы жұмысшыларына жалақы төлемей, 56 млн теңге үнемдемек болған

Прокуратураның араласуынан кейін 160 қызметкердің жалақысы төленді

Қарасуда кәсіпорын басшылығы жұмысшыларына жалақы төлемей, 56 млн теңге үнемдемек болған
Фото: istockphoto.com

Қостанай облысында кәсіпорын басшылығы жұмысшыларына жалақы төлемей, 56 млн теңге пайда көрмек болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарасу ауданы прокуратурасының сенім телефонына кәсіпорында 56 миллион теңге көлемінде еңбекақы берешегінің бар екені туралы хабарлама түсті.

Қадағалау органы араласқаннан кейін аталған берешек толық көлемде өтеліп, 160 қызметкердің еңбек құқықтары қорғалды және мүмкін әлеуметтік салдарлардың алдын алуға мүмкіндік туды.

«Азаматтардың өтініштеріне жедел ықпал ету және олардың конституциялық құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттары болып табылады.

Аудан прокуратурасы еңбек заңнамасы бұзылған жағдайда жұмысшылар мұндай мәселелерді шешу үшін сенім телефонына жүгіне алатынын еске салады», – делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары