$ 518.4  598.13  6.55
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Сізге сәлемдеме келді»: Ақтөбе облысының тұрғыны алаяққа алданып, атына несие рәсімдеп алды

Алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, өзін пошта қызметінің қызметкері ретінде таныстырады

«Сізге сәлемдеме келді»: Ақтөбе облысының тұрғыны алаяққа алданып, атына несие рәсімдеп алды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Ақтөбе облысында «Сізге сәлемдеме келді» деген жалған хабарлама арқылы жасалған алаяқтықтың салдарынан 22 жастағы тұрғын 2 млн теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, «Сізге сәлемдеме келді» деген жалған схема бойынша жасалатын алаяқтық фактілер өсіп келеді. Алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, өзін пошта қызметінің қызметкері ретінде таныстырады және оларды күдік тудырмай, «келген сәлемдемені алу үшін» SMS арқылы келген растау кодын айтуға көндіреді.

«Кезекті құрбан – 22 жастағы тұрғын. Алаяқтардың сөзіне сеніп қалған ол олардың нұсқауымен несие рәсімдеп, нәтижесінде 2 миллион теңгесінен айырылды. Алаяқтар жігіттен бір реттік кодтарды сұрап алғаннан кейін, оған «банк қызметкері» болып қайта хабарласып, несие рәсімдеп жатыр деп алдап, «айна несие» рәсімдеу қажет екенін және ақшаны «қауіпсіз шотқа» аударуды талап еткен», – делінген ПД хабарламасында.

Полиция азаматтарға мынаны ескертеді:

  • Бөгде адамдарға ешқашан SMS-кодтарды, құпия сөздерді, CVV-кодтарды және басқа да құпия ақпаратты хабарламаңыз.
  • Банк, полиция немесе пошта қызметкерлері ешқашан телефон арқылы растау кодтарын сұрамайды.
  • Күдік тудыратын қоңыраулар кезінде әңгімені бірден тоқтатып, ресми байланыс орталығына өзіңіз қайта қоңырау шалыңыз.

«Полиция барлық азаматтарды сақ болуға және алаяқтардың айла-амалдарына алданбауға шақырады», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары