БҚО-да жер үйден ер адамның мәйіті табылды
Полиция алдын ала тергеу жүргізіп жатыр
Батыс Қазақстан облысында болған жанжал кісі өліміне ұласты. Қайғылы оқиға 13 қараша күні Бәйтерек ауданының Щапово ауылында болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды
Жеке үйдің ішінен зорлық белгісі бар ер адамның мәйіті табылды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті көп ұзамай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
«Алдын ала деректер бойынша, ауыл тұрғындары арасында спирттік ішімдік ішіп отырған кезде жанжал туындаған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады тәртіп сақшылары.
Полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысы БҚО полиция департаменті басшылығының бақылауына алынған. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәлімет жарияланбай отыр.