Жемқорлардың балаларын кешіруге болады – Омар Жәлел

«Абайдың 45 сұрағы» жобасының кезекті қонағы - филолог, абайтанушы Омар Жәлел

Сұхбат барысында ол Еуразия ұлттық университетіндегі ұстаздық қызметін неге тастап кеткенін айтты. Отбасылық құндылықтар туралы тренингтерінің бағасын жариялады. «Жемқор шенеуніктерді қандай жағдайда кешіруге болады?» деген сұраққа жауап берді. Филолог маманның кіммен шай ішкісі келетінін, діни ағымдар туралы ойын, тағы да басқа тосын сауалдарға жауабын білу үшін сұхбатты толық көріп шығыңыз.

«Абайдың 45 сұрағы» - «Азаттық рухы» ақпарат агенттігінің YouTube желісіндегі жобасы. Саясаткер, ғалым, депутат, қоғам қайраткері сияқты танымал тұлғалар журналист Абай Сейфулланың нақты сұрақтарына қысқа әрі нұсқа жауап береді. Кейбір сұрақтар спикер үшін қолайсыздық туғызуы мүмкін, бірақ жоба сонысымен де құнды әрі қызықты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.