Ең жасы 25-те, үлкені 53 жаста болған: ұшақ апатында қаза тапқан 20 түрік батыры жайлы не белгілі
«Сендер жер қойнына емес біздің жүрегімізге жерлендіңдер»
11 қараша күні Түркияның жиырма әскери қызметкері C-130 әскери-көлік ұшағымен отанына қайтып келе жатқан жолда қаза тапты. Әуе кемесі Грузияда құлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Түркияның ұлттық қорғаныс министрлігі бүгін әскери қызметкерлердің қаза болғанын ресми түрде растады. Министрлік әлеуметтік желіде қаза тапқандардың есімдері жазылған тізімді жариялады.
«Сендер жер қойнына емес біздің жүрегімізге жерлендіңдер. Отан сендерге қарыздар», - деп жазылған онда.
Түркияның ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер шейіттердің отбасы мен жақындарының терең қайғысына ортақтасып, былай деді.
«Біздің қарулас батырларымыз 2025 жылғы 11 қарашада Грузия мен Әзербайжан шекара маңында C-130 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапты. Өз атымнан және Түркия қарулы күштері атынан қаза болғандардың отбасыларына және күллі түрік халқына көңіл айтамын», - деді Яшар Гүлер.
Министрліктің хабарлауынша, 12 қараша күні таңғы 06:30-дан бастап әскери сарапшылар апат орнында жұмысты бастаған.
Белгілі болғандай, қаза тапқан жиырма әскери қызметкердің оны Мерзифондағы 5-басты әуе базасында қызмет еткен. Бүгін олардың үйлерінде және база ғимараттарында Түркия туы түсіріліп, аза тұту белгісі ілінген.
Амасьялық аға сержант Хамди Армаган Каплан, 40 жаста. Үйленген, екі баласы бар. Қайғылы хабар жеткенде, оның әкесі Гүмюшхаджикөй ауданындағы қадірлі қария өз үйіне Түркия туын ілген.
Әуе-техникалық қызметтің аға сержанты Ахмет Ясир Куюджу 25 жаста, Конья тумасы. Мерзифон әуе базасында қызмет еткен. Жас болса да, қызметтестері мен отбасының құрметіне бөленген. Жақында ғана отбасын құрған, бала күнінен әскери болуды армандаған.
Әуе-техникалық қызмет сержанты Бурак Иббиг – Чорум провинциясынан. Оның қазасы туралы хабар Яйдигин ауылындағы отбасына жеткізілді. Қызметтестері оны өз ісін сүйген, отанына адал жан деп еске алады.
Әуе-техникалық қызметтің аға сержанты Эмре Сайын, 40 жаста, Балыкесир тумасы. Екі баласы бар. Достары оны ержүрек және адал офицер деп сипаттайды.
Авиация майоры Сердар Услю және аға сержант Рамазан Ягыз. Сердар Услю Кайсериде қызмет еткен. Оның отбасына қаза туралы хабар берілді әйелі бес айлық сәби күтіп отырған еді. Рамазан Ягыз Бурса тумасы, қызметтестері оны Отанға шын берілген адам ретінде еске алады.
Аға сержант Эмрах Куран, Мугладан, Кайсеридегі әуе-десанттық бригадада қызмет атқарған. Үйленген, екі баласы бар. Оның үйінде де Түркия туы аза белгісі ретінде көтерілген.
Аға сержанттар Илькер Айкут пен Беркай Караджа. Айкуттың қазасы туралы хабар Текирдаг провинциясындағы туғандарына жеткізілді. 27 жастағы Беркай Караджа Кыркларэли тумасы, оның үйі Люлебургаздағы ауданда орналасқан. Қазір үйінде Түркия туы ілінген.

Эмре Мерджан, Эскишехир тумасы, 27 жаста. Достары оны отанын сүйген, адал адам деп еске алады.
Подполковник Гёкхан Коркмаз, Ыстамбұл тумасы, батылдығымен және борышына адалдығымен есте қалды.
Аға шебер Нури Озджан, 53 жаста, Қарабюк тумасы. Қайғылы хабарды отбасына әкім орынбасары мен әскери өкілдер жеткізді. Аға сержант Илхан Онган, 31 жаста,
Биледжиктегі үйіне қайғылы хабар жеткен соң, отбасы терең күйзеліске түсті.Аға сержант Эмре Алтыок, Самсун тумасы. Оның әйелі Кайсериде тұрып, екінші баласын күтіп отырған еді.