17.10.2025, 18:00
Оқиғалар
Қарағандыда азаматтардың 52 млн теңгесін қағып алған әйел ұсталды
Ол туристік агенттік ашып, азаматтарды демалысқа жіберу керек еді
Фото: istockphoto.com
Қарағандыда 34 адамды алдап, 52 млн теңгені иемденген әйел қамалды. Ол туристік фирма ашып, жалған тур сатқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Дереккөзге сүйенсек, полицияға 53 жастағы азаматша келіп, арыз жазған. Ол шетелге демалысқа бару үшін турагенттікке 900 мың теңге төлепті. Алайда, ақшасын сеніп тапсырған адам алаяқ болып шықты.
«Полиция осы әйелдің арызын қарай келе дәл осы туристік агенттікке алданған тағы 34 адам бар екенін анықтаған. Жалпы, залал мөлшері 52 млн теңге. Ұсталған әйел теңгенің құлдырауына байланысты тур сатып ала алмағанын айтып, ақталмақ болды. Алайда, залалдың мөлшерін ескерген полиция оны қамауда ұстауды жөн көрді», - деп хабарлайды полиция.
Көп оқылған
24.07.2026, 16:40
«Челси» Дастан Сатпаевқа қатысты шешім жариялады
24.07.2026, 11:51
Екі сағатта 75 рет қоңырау шалып, 35 жеріне пышақ сұққан: Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сұмдық мәлімет жария болды
24.07.2026, 13:17
Айбек Дәдебай: «Түркістан облысы тұрғындарының әрбір мәселесі біздің бақылауымызда болады»