$ 537.77  622.95  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Конституциялық сот некесіз туған баласы үшін алимент сұраған әйелдің өтінішін қараусыз қалдырды

Конституциялық сот арыз-талап берген әйелге жол сілтеді 

Конституциялық сот некесіз туған баласы үшін алимент сұраған әйелдің өтінішін қараусыз қалдырды
Фото: iStockphoto

Конституциялық Сот некесіз туған баланың алимент алу құқығы бұзылды деп мәлімдеген әйелдің өтінішін қараудан бас тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әйел Кодекстің 147-бабы 2-тармағы 2) және 148-бабы 1-тармағы 1) нормаларының Конституцияға сәйкестігін тексеруді сұраған. Бұл заң некедегі немесе бұрын некеде тұрған ерлі-зайыптылардың бала туғаннан кейін үш жыл бойы бірге күтім жасау міндетін және алимент төлеу құқығын белгілейді.

Өтініш беруші норманың некесіз туған баланың құқығын шектейтінін алға тартты. Алайда Конституциялық Сот бұл ережелер оның құқықтарына тікелей әсер етпейтінін хабарлады.

Сот әйелге Кодекстің 47-бабы 5-тармағына сәйкес, тіркелмеген некедегі баласының әкесінен қаржылай көмек талап ету үшін сотқа жүгінуге құқығы бар екенін ескертті. Өтініш беруші осы мүмкіндікті пайдаланбағандықтан, сот оны қарауға негіз жоқ деп шешті.

Серіктес жаңалықтары