Алматыда ересектер жас жігіттің басын жарып, мұрнын сындырып кеткен (ВИДЕО)
Анасы қоғамнан көмек сұрап, желіде видео жариялады

Алматыда 18 жастағы бозбаланы еңгезердей ерлер жабылып ұрып кеткен. Анасының айтуынша, жас жігіттің басы жарылып, мұрын тас-талқан болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«12 қазанның түнінде 35-40 жас шамасындағы бір топ мас еркек ұлымды Толе би көшесіндегі «Шашлыкоф» кафесінің алдында ұрып кетті. Бір ұрғаннан ессіз жерде жатқан баламды басынан теуіп, ұрып кеткен. 15-20 күдіктінің ішінен 3-ақ адам ұсталды. Оларды жеңіл баппен ұстап отыр. Басты күдікті көлікке мініп қашып кеткен. Мен олардың барлығын ұстап, заң жүзінде жауапкершілікке тартылуын талап етемін», - деді жәбірленушінің анасы.
Жарақат алған жігіттің өзі ауруханада жатыр. Оның айтуынша, мас адамдар себепсіз жабылған. Өзінің алкогольді сусын ішпегенін айтты.
Редакция Алматы полициясына сұрау жолдады.