04.10.2025, 10:33
Оқиғалар
Атыраудағы мейрамхана кешенінде ірі өрт болды
Екі қабатты ғимараттың шатыры жанып кеткен
Фото: ТЖМ
Атырау қаласында орналасқан мейрамхана кешенінде ірі өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт қалай болды?
Төтенше жағдай 4 қазанда Атыраудың Геолог шағын ауданында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Аққұлов көшесіндегі екі қабатты мейрамхана кешенінің шатыры жанып кеткен.
Өрттің жалпы аумағы – 500 шаршы метр; Екінші қабаттағы кафе шатырына дейін от шарпыған; Қатты өртенген бөлігі – ағаштан жасалған шатыр конструкциялары.
Зардап шеккендер жоқ
ҚР ТЖМ дерегінше, өртті сөндіру үшін оқиға орнына өрт сөндіру бөлімдері жіберілген.
«Өрт 500 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – делінген ведомство хабарламасында.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды