Алматыда бейтаныс жігіт бойжеткеннің зәресін алды - қазір оны полиция іздеп жатыр (ВИДЕО)
Қазір бұл іске полиция араласты

Алматыдағы жер үйлердің арасында өз үйіне қарай келіп, қашасына кіре берген бойжеткенді бейтаныс жігіт жамбасынан ұстап, қашып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге таралған соң полиция оған реакция танытты. Дегенмен, видеодағы қыз бейтаныс адамды табу үшін полицияға арызданған екен. Әрі осы видеодағы жігітті танитындар бар болса, оның байланысын полицияға беруді сұрап отыр.
«Видеодағы ер адам мен оқиғаның мән-жайын анықтаймыз. Артынша, заңға сай шара қолданамыз», - деп хабарлады Алматының полиция департаменті.
Айта кетейік, жуырда Астанада егде жастағы ер адам терезе жуып жатқан бойжеткеннің денесіне қол жүгіртіп, қоғамның наразылығына ұшыраған еді. Кейін ол адамның көпбалалы әке екені анықталған.