$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еліміздің оңтүстігінде білім саласындағы бір топ әйел жаппай сотталды (ВИДЕО)

Былтыр жазда Талдықорғанда 20 адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топтың атышулы соты өткен еді

Еліміздің оңтүстігінде білім саласындағы бір топ әйел жаппай сотталды (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Алматы облысы Іле ауданының соты осы аудандағы білім бөлімінің басшысы мен оның жеті бухгалтерін ұзақ жылға соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр, 2024 жылдың шілдесінде Талдықорған қалалық білім бөлімінің бас есепшісі мен осы қаладағы әртүрлі мектептің есепшілері, бас-аяғы 20 адам 4 млрд теңгені жымқырғаны үшін сотталған болатын.

Білім бөлімінің басшысы мен жеті есепші 686 млн теңгені жымқырған

Ал, Антикордың бүгінгі ақпаратына сүйенсек, Алматы облысында Іле аудандық соты аудандық білім бөлімінің басшысы Л.Каткеева 686 млн теңгені жымқырғаны үшін 8 жылға сотталып отыр. Оның ұйымдасқан қылмыстық тобындағы тағы жеті есепші де 7 жылдан 8 жыл аралығындағы мерзімге сотталды.

«Олар білім беру саласында нақты еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақы аудару арқылы 686 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сонымен қатар, ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған Каткеева өзінің жүргізушісін ведомстволық бағынысты мектеп-гимназияға жалпы сомасы 4,9 млн теңге жалақы заңсыз төленген кәсіптік бағдар беруші лауазымына «жұмысқа» орналастырған», - деп хабарлайды Антикор.

Серіктес жаңалықтары