10.04.2025, 17:41
Оқиғалар
Павлодарда терезесін тұмшалап, жарықты көп жаққан жігітті полиция ұстап әкетті
Полиция пәтерді тінте келе есірткі зертханасы бар екенін анықтаған
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
Павлодар қаласының прокуратурасы мен полиция қаладағы бір пәтерді сырттай бақылай келе, ол үйдің тұрғыны есірткі өсіретінін анықтаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, пәтердегі электр қуатының көлемі ол үйдің аумағына мүлде сай келмеген. Яғни, пәтер өте көп мөлшерде қуат тұтынған. Оның үстіне, пәтердегі адамдар терезелерін тұмшалап, өздері қоғамнан оқшауланып өмір сүрген.
«Полиция прокуратураға тінту жүргізу туралы тапсырма берген. прокуратураның күдігі расталып, пәтерден есірткі өсіретін зертхана табылған. Пәтерден 3 келіден асқан өсімдік текті есірткі мен тыңайтқыштар, құрал-жабдық табылған. Күдікті ұсталды», - деп хабарлайды Павлодардың ппрокуратурасы.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты