09.01.2025, 15:21
Оқиғалар
Атырауда 45 жастағы әйел сегізінші қабаттан құлап, қаза тапты (ВИДЕО)
Оқиғаны полиция департаменті растады
Фото: скриншот
Атырау қаласының Алмагүл шағын ауданында 1979 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Ол тұрғын үйдің сегізісінші қабатынан құлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Оқиғаның видеосы алдымен әлеуметтік желіге тарап кеткен. Куәгерлер әйелдің жас екенін айтқан. Ресми комментарий берген полиция департаменті оқиға бүгін, таңғы уақытта болғанын хабарлады.
«9 қаңтар күні сағат 11:00 шамасында Алмагүл мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің 8 қабатынан құлаған 1979 жылғы әйел адамның өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның мән-жәйі тексеріліп, кешенді тергеу амалдары жүріп жатыр», - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаменті.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды