$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда мас күйінде жол апатын жасаған жүргізуші бас бостандығынан айырылды

Сонымен қатар ол өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылды

Павлодарда мас күйінде жол апатын жасаған жүргізуші бас бостандығынан айырылды
Фото: © istockphoto.com

Павлодар қаласының № 2 соты алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқару салдарынан жаяу жүргіншіге орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтірген К.-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық сотқа сілтеме жасап.

Сот анықтағандай, К. бұған дейін көлікті мас күйде басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, 2024 жылдың 7 қыркүйегінде мотоцикл тізгіндеген. Кемеңгер ауылының маңындағы жолда рөлді басқара алмай, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жәбірленуші сол аяғының жабық сынығы, бас пен кеуде тұсынан жарақаттар алды. 

К.-ның кінәсі куәгерлердің айғақтары, құжаттық дәлелдемелер және сараптамалық қорытындылар арқылы расталды.

«Сот айыпталушының кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінгенін және асырауында жас баласы бар екенін ескере отырып, 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар ол өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылды», - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары