$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.10.2024, 10:27
Оқиғалар

Хромтау мен Мұғалжардағы балабақша есепшілері 240 млн теңгені қалай жымқырған

Антикор осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған

Хромтау мен Мұғалжардағы балабақша есепшілері 240 млн теңгені қалай жымқырған
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Ақтөбе облысына қарасты Хромтау және Мұғалжар аудандарындағы балабақша есепшілері 240 млн теңгені талан-таражға салған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл фактіні облыс прокуратурасы анықтаған. Прокуратураның болжамынша, есепшілер қызметкерлерге артық сыйақы, артық жалақы төлеген. Оның үстіне, ешкім іс-сапарға бармаса да оларға іс-сапар шығындары төленіп отырған. Бүкіл қаржы балабақша меңгерушісінің немесе есепшінің жеке шотына түсіп отырған.

«Ақтөбе облысының Хромтау және Мұғалжар аудандары прокуратуралары мектепке дейінгі мекемелерде 240 млн теңгеден астам бюджет қаражатын талан-таражға салғанын анықтады. Аудан прокурорлары білім бөлімінің бұрынғы басшыларына, 3 балабақша меңгерушісі мен 4 есепшіге қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деп хабарлайды Ақтөбе облысының прокуратурасы.

Серіктес жаңалықтары