02.10.2024, 10:20
Оқиғалар
Батыс Қазақстанда екі адам таунхаустың жарнамасы арқылы 490 млн теңге жинап алған
Сот оларды алты және жеті жылға соттады
Фото: istockphoto.com
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы жалған схема арқылы 32 адамнан 490 млн теңге жинап алған екі құрылыс иесін анықтап, оларды 6 және 7 жылға соттатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, екі айыпталушы өз кінәларын қанша мойындамағанымен, Орал прокурорларының табанды жұмысының арқасында алаяқтық схема әшкере болған.
«Құрылыс саламыз деп жалған ақпарат ұсынғандар азаматтардан қалай да ақша жинау үшін алаяқтыққа барған. Қылмыстық мақсатқа жету үшін олар әлеуметтік желілерде, сондай-ақ әртүрлі интернет-жарнама платформаларында таунхаустарды жарнамалаған. Құрылыс басталмай жатып-ақ 32 адамнан 490 888 000 теңге ақша жинап алған», - деп жазады БҚО прокуратурасы.
Көп оқылған
08.02.2026, 13:44
Тоғыз тіл білетін оқушы өз ақшасына Астанадан пәтер сатып алды
08.02.2026, 15:13
Астанадағы дәмханалардың бірі өртке оранды
08.02.2026, 12:34
Қоғамдық қабылдау: Тұрғындарды толғандырған мәселелер – партия назарында
08.02.2026, 10:02
Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды
08.02.2026, 16:38
Ақтауда 11 айлық сәбидің өкпесінен металл табылды