26.09.2024, 09:27
Оқиғалар
«Отбасы банктің» аукционына қатысып, үй алып беремін деген алаяқ 3 жылға сотталды
Ол өзі ойлап тапқан айласының «арқасында» 55 млн теңгені қалтасына басқан
Фото: istockphoto.com
Астанада тұратын әйел «Отбасы банк»-тің аукционына қатысып, бастапқы жарнасыз үй алып беремін деген сылтаумен 22 адамнан 55 млн теңге алдап алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, ол өзін банк қызметкерімін деп таныстырады екен. Осылайша, банктің аукциондарына қатыстырып, бастапқы жарнасыз ипотека рәсімдеп беремін деген әйел аукционға қатысу үшін 630 мың теңге, ал, ипотека рәсімдеу үшін арнайы ашылған шотына 11 млн теңгеден алып отырған.
«Ол танысының өзін сан соқтырып, 14 млн теңгесін алған. Оның қылмысынан бас-аяғы 22 адам зардап шегіп, 55 млн теңгелерінен айырылған», - деп хабарлайды Астана соты.
Көп оқылған
03.06.2026, 09:58
Ақтөбеде шырылдаған шарананы пакетке салып, қоқысқа тастаған: сәбидің алдағы тағдыры не болмақ
03.06.2026, 12:02
Қуандық Бишімбаев пен Перизат Қайратқа рақымшылық беріле ме - Ішкі істер министрлігі жауап берді
03.06.2026, 12:56
Қолданылған шприцтер мен ескі дәрілер далада жатыр: депутат Шымкенттегі жағдайға қатысты дабыл қақты
03.06.2026, 14:46
Кипр президенті Тоқаевпен кездесу үшін Астанаға ашылған тікелей рейспен бірінші болып ұшып келді