Екібастұзда 5 жасар бала ацетон ішіп, ауруханаға түсті

Аягөз Құрмаш

Уланған бала ауруханаға түсті 

Екібастұзда 5 жасар бала ацетон ішіп, ауруханаға түсті
Фото: depositphotos.com

Павлодар облысында ацетон ішіп, уланған бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, балабақшадағы 5 жасар балаға  «жедел жәрдем» шақырылған. Дәрігерлер алдын ала химиялық улану (ацетон) диагнозын қойып, асқазанды тазалауға кірісті.  

Білім беру бөлімінің мәліметінше, қызметтік тексеру барысында балабақша тәрбиешісінің көмекшісі химиялық сұйықтық құйылған бөтелкені жуынатын бөлмеде қалдырып кеткені анықталды. Кәмелетке толмаған бала бөтелкені алып, бір жұтым алды.

«Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады», – деп түсіндірді Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің басшысы Лаура Дисюпова.

Pavlodarnews.kz хабарлағандай, науқас Екібастұз қалалық ауруханасында орта дәрежедегі жағдаймен бөлімшеге ауыстырылды. Қазіргі таңда толық дәрігерлердің бақылауында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.