16.08.2024, 13:07
Оқиғалар
Шошқаның етінен шұжық жасайтын зауытқа жұмысқа кіру – күнә
Дін маманының сөзінше, мұнда күнәға атсалысу бар
Фото: Istockphoto
Дінтанушы Абдусамат Қасым шошқа етінен шұжық жасайтын цехқа кіріп, ол жерде жұмыс істеу күнә екенін айтқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Islam.kz сайтына оқырман дін өкілдеріне «Шошқа сойып, жіліктеп, одан шұжық дайындайтын зауытқа жұмысқа кіруге бола ма және оның табысы харам ба?» деген сұрақ қойған.
Оған жауап берген дінтанушы «шошқа етін сататын зауытта жұмыс істеу, ішімдік дайындайтын цехта жұмыс істегенмен бірдей – күнә» екенін айтқан.
Дін маманының сөзінше, мұнда күнәға атсалысу бар.
«Құранда: Күнәда және дұшпандықта бір-бірлеріңе жәрдемші болмаңдар деп бұйырған», - дейді ол.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
20.10.2026, 15:55
Бір қария ауыр хәлде: Солтүстік Қазақстан облысында екі ер адам қоқыстан тауып алған сұйықтықты ішіп, қаза тапты
20.10.2026, 09:59
Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевке көңіл айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды