02.08.2024, 11:30
Оқиғалар
Алматы облысында люкс көліктерді тонаған топ ұсталды (ВИДЕО)
6 автокөлік иесіне қайтарылды
Ішкі істер министрлігі халықаралық және қалааралық тасымалдау саласында қымбат автокөліктерді тонап жүрген топты ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы облысының аумағында 5 адамнан тұратын қылмыстық топ қолға түсті. Олар ұялы байланыс, мессенджерлер мен сайттарды пайдалану арқылы қылмыстық схеманы жолға қойған.
«Қаскөйлер ұрлап әкеткен 6 көлік иелеріне қайтарылды. Ұсталғандарға қатысты сот қамауға алу санкциясын шығарды. Олардың қылмыстық әрекеттерін құжаттандыру бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда», - деп хабарлады ПД.
ІІМ алаяқтардың алдау тәсілі туралы айтты:
- көлік пен тауар тасымалдау туралы хабарландырулар бойынша хабарласу
- тасымалдау қызметін ұсыну
- тапсырыс берушілерге өздерін автокөлік жүргізушісі ретінде, ал жүргізушілерге тапсырыс беруші ретінде таныстыру
- екі тарапты да алдап, көндіріп, одан әрі қарай заңсыз өткізу мақсатында ұрланған тауарды арту
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды