Тайтөбеде балалар мен ересектер арасында марафон өтеді
Бұл шара 26 шілдеде өтеді

Қосшы қаласының құрылғанына үш жыл толған мерекесіне орай балалар мен ересектер арасында «Kross-салауатты өмір салты – 2024» дәстүрлі марафоны өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шара 26 шілдесі күні Тайтөбе ауылында болады. Марафонды өткізуге Мәслихат депуаттары бастамашыл болуда. Жарыстың негізгі мақсаты тұрғындар арасында бұқаралық спорт мәдениетін қалыптастыру, көңілді мерекелік атмосфера құру, ұйымшылдыққа, мейірімділікке талпынту, өскелең ұрпақтың спортқа деген құлшынысына ықпал ету.
Марафон 12-15 жастағы жасөспірімдер (ұлдар, қыздар) арасында – 1000 метр; 16-17 жастағы жастар (ұлдар, қыздар) – 2000 метр; 18 жастан жоғары (әйелдер, ерлер) 3000 метр кезеңдерінде өтеді.
Жарыстың өтетін орны Тайтөбе ауылы, Жүсіпбек Аймауытов пен Ардагерлер көшесінің қиылысы, 26 шілде, сағат 07.00. Ақпарат үшін байланыс нөмері: +7 775 955 80 14 Ирина Серікпайқызы.
Марафонға қаланың кез келген тұрғыны қатыса алады, оған қатысу үшін мына сілтеме арқылы тіркеліңіз.