$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.07.2024, 10:37
Оқиғалар

Мопедпен соғысты: елордада бір күнде үш апат тіркелді

Мопедті көбіне жасөспірімдер басқарады 

Мопедпен соғысты: елордада бір күнде үш апат тіркелді
Фото: depositphotos.com

Елордада мопед жүргізушілердің кінәсінен туындаған жол-көлік оқиғалары тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалада бір күнде мопедтердің кінәсінен үш жол-көлік оқиғасы орын алып, екі дөңгелекті жүргізушілер, оның ішінде 17 жастағы жасөспірім түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.  

  • Мәселен сағат 17:11-де Toyota көлігінің жүргізушісі Сарыарқа даңғылымен Жангелдин көшесінің қиылысында келе жатып, рұқсат етілген бағдаршамға бұрылып, қарсы жолақпен келе жатқан кәмелетке толмаған мопед жүргізушісін қағып кеткен.
  • Дәл осындай апат Қошқарбаев даңғылы мен Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысында сағат 21.40-та болды. Volkswagen Transporter автокөлігінің жүргізушісі де қарсы жолақпен келе жатқан 21 жастағы мопед жүргізушісімен соқтығысқан.
  • Үшінші жол-көлік оқиғасы салдарынан 18 жастағы мопед жүргізушісі зардап шекті. Kia Sportage автокөлігінің жүргізушісі Бұқар жырау көшесі мен Әлиев көшесі қиылысында келе жатып, рұқсат етілген бағдаршамға бұрылып, қарсы жолақпен келе жатқан мопед жүргізушісімен қақтығысып қалған.

«Елордада «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы 9-12 шілде аралығында өтіп жатыр. Операция басталғалы бері 1300-ге жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды. Белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін 400-ден астам жүргізушіге айыппұл салынып, автоматты анықтау құралдары арқылы тіркелсе, жолаушыларды тасымалдау және қауіпсіздік белдігін тағу ережелерін сақтамаған 180-ге жуық жүргізуші белгілі болды. Жедел профилактикалық іс-шара кезінде 200-ден астам көлік коммуналдық тұраққа қойылды», - деп хабарлады ІІМ.

Серіктес жаңалықтары