Нанкин қырғыны: Қытайдың ежелгі астанасы жайлы не білеміз
Қалада бірде-бір қызметкері жоқ зауыт жұмыс істейді
Нанкин қаласы Цзянсу провинциясының орталағы, «Нанкин қырғыны» оқиғасымен танымал қалада 8 млн-нан астам халық тұрады. Шаһар Янцзы өзенінің жағасында орналасқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қазіргі қаланың негізін астана салу үшін 1368 жылы Мин әулеті қалаған. Қаланы 1842 жылы Опиум соғысы кезінде ағылшындар жаулап алады. 1853-64 жылдары Тайпин көтерілісі кезінде қатты қирады. 1899 жылы Нанкин ашық айлаққа айналды. 1928 жылдан бастап 1937 жылға дейін Гоминьдан партиясының астанасы болды. Одан кейін жапондар жаулап алды.
Осыдан 87 жыл бұрын жапон әскері айуандықпен Қытайға басып кіріп, Нанкин қырғынын тудырды. Сол жолғы трагедияда 300 000 қытай жазықсыз қаза тапты.
Қытайда жыл сайын 13 желтоқсан ұлттық Нанкин қырғыны құрбандарын еске алу күні өтеді.
Ұлттық еске алу күні «Нанкин қырғынының» атымен аталған, бірақ бұл күні тек Нанкин қырғынының құрбандарын ғана емес, соғыс құрбандарын да еске алу рәсімі өтеді. Ол туралы 2014 жылдың 27 ақпанында Қытайдың 12-ші кезекті Бүкіл мемлекеттік халық құрылтайы тұрақты комитетінің жетінші отырысында Нанкин қырғынында құрбан болғандар мен жапон империалистерінің Қытайға қарсы басқыншылық соғысы кезінде қаза тапқан барлық тұрғынғы арналған қоғамдық құрбандарды еске алу туралы шешім қабылданды.
Нанкин қаласында да Бейжіңде сияқты мопед пен велосипед қызметі дамыған. Қала көшелеріндегі ірі ағаштар шаһар ескіліктің, көненің көзі екенін паш етіп тұр. Провинция орталығында күн ылғалды ыстық.
Көліктерге ыңғайлы айналма жол салынғандықтан, қалада кептеліс аз.
Ұлы Баоен ғибадатханасы - Қытай тарихындағы ең көне будда храмы. Ұлы Баоен ғибадатханасының Фарфор биіктігі 78,2 метр, ал оның бүкіл корпусы ақ фарфор кірпіштен жасалған. Бұл Қытайдағы салынғаннан бастап қирағанға дейінгі ең биік ғимарат болды. Бұл сонымен қатар әлемдік сәулет өнерінің кереметі. Өз кезеңінде батыста Қытайдың символы ретінде саналған. Қазір ғибадатхана бейнесіндегі көшірмесі салынған.
Нанкин қаласындағы күнкөріс негізінен өнеркәсіп бағытына бейімделген. Ірі қалаларға жеткізілетін өнімдердің барлығы осы қалада шығарылады.
Олардың бірі- Nanjing Iron & Steel United. Қытайдағы орташа және ауыр қаңылтыр илеу бойынша ең ірі болат компаниясы. 2020 жылы Нанкинде жоғары беріктігі мен тозуға төзімді болатты терең өңдеуге маманданған әлемдегі алғашқы зияткерлік зауытты салынды.
Зауыт Цзянсу провинциясындағы Болат компаниялары арасында алғашқы «5G + өнеркәсіптік Интернет» өнеркәсібін дамытады. Оның ерекшелігі адамдар қызмет етпейді. Барлығы роботтандарылған. Орташа еңбек өнімділігі 100 тоннаға жетуі мүмкін, бұл дәстүрлі цехтарынан 10 есе жоғары.