$ 511.59  575.28  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шри-Ланкада жарыс көлігі көрермендерді басып кетті: қаза тапқандар бар

Қаза тапқандар арасында 8 жасар қыз бала бар

Шри-Ланкада жарыс көлігі көрермендерді басып кетті: қаза тапқандар бар
Фото: bbc.com

Шри-Ланкада өткен автожарыста 7 адам қаза тауып, 21 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BBC - ге сілтеме жасап. 

Әскери базалық қала Дияталауада өткен «Fox Hill Supercross» шарасында көлік жарыс жолағынан шығып кетіп, көрермендер отырған алаңға соғылған.

Қайтыс болғандар арасында 8 жасар қыз бала бар. Ел билігінің мәліметіне сүйенсек, қазір полиция апаттың себептерін анықтап жатыр.

Шри-Ланкада автомобиль спорты қауымдастығы осындай автожарыстарды 1993 жылдан бері өткізіп келеді. Бірақ пандемия мен елдің экономикалық жағдайының нашарлануына байланысты жарыс бес жылдан бері тоқтап қалған болатын.

Жарысты ұйымдастырушылар іс-шараны тегін ұйымдастырған, оған  100 мыңға жуық адам қатысқанын мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары