БҚО-да құтқарушыға пышақ жарақатын салған күдікті ұсталды

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

БҚО-да құтқарушыға пышақ жарақатын салған күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Полицейлер су тасқынына байланысты өз қызметтік міндеттерін атқарып жүрген төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерін пышақпен жарақаттаған Казталов ауданы Жалпақтал ауылының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кету керек, бүгінде Орал қаласында және облыстың бес ауданында көктемгі су тасқынына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған.

Жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар қызметкерлері мен полиция суды сору және адамдарды құтқару бойынша кешенді шаралар қабылдап жатыр.

Жалпы су тасқынына қарсы жұмыстарға 919 қызметкер мен 132 қызметтік техника жұмылдырылды, оның 700-ден астамы полиция қызметкері.

Тақырыпқа орай: БҚО-да су тасқынына қарсы шараларды жүргізу барысында 26 жастағы құтқарушы пышақ жарақатын алды

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.