Түркістан облысында 4-қабаттан секірмекші болған тұрғын құтқарылды

Azattyq Rýhy

Азаматқа медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды

Түркістан облысында 4-қабаттан секірмекші болған тұрғын құтқарылды
Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Түркістан облысында учаскелік полицей 4-қабаттан секірмекші болған тұрғынды құтқарып қалды. Балконға көрші пәтердің терезесі арқылы кірген учаскелік полиция инспекторы Есімхан Бағзатхан терезе алдында тұрған жігітті қауіпсіз жерге алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Кентау қаласында болды. Пәтерін ішінен құлыптап алған 29 жастағы ер адам қолына ілінген заттарды 4 қабаттан төмен қарай лақтырған. Соңында өзі де терезеден секірмекші болды. Оқиға орнына жедел жеткен тергеу тобы мен учаскелік полиция инспекторлары шұғыл шараларды қолға алды. Тәртіп сақшылары ер адамды тыныштандырып, назарын басқа жаққа аударды. Ал, балконға көрші пәтердің терезесі арқылы кірген учаскелік полиция инспекторы Есімхан Бағзатхан терезе алдында тұрған жігітті бірден құшақтап алып, қауіпсіз жерге алып шықты.

«Азаматқа медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды. «102» арнасына хабарласып, көмек сұраған Кентау қаласының тұрғыны, яғни жігіттің әкесі ұлын құтқарған полицейлерге алғысын білдірді», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.