25.12.2023, 09:18
Оқиғалар
Көкшетауда жүкті әйел көз жұмды
Қазіргі кезде қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр
Фото ашық дереккөзден
Көкшетауда жүктіліктің соңғы мерзімінде болған әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жергілікті БАҚ жарияланған мәліметке қарағанда, қайтыс болған әйелдің іші ауырып, қызуы көтерілген, сол себепті жедел жәрдем бригадасын бірнеше рет үйіне шақыртқан. Алайда, дәрігерлер науқасты ауруханаға жатқызуға асықпаған.
Әйел «Viamedis» ЖШС-де есепте тұрған.
Оның артында екі баласы қалды.
Ақмола облыстық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі жүкті әйелдің қайтыс болғанын растады. Қазіргі кезде қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды