ШҚО-да әкімнің мас жүргізушісі жол апатына ұшырады
Ер адамды 20 тәулікке қамауға алу туралы үкім шықты
Шығыс Қазақстан облысында әкімдіктің мас жүргізушісі көлігін шам бағанасына соқты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі YK-news-ке сілтеме жасап.
Катонқарағай аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, 4 желтоқсанда ШҚО-дағы ауылдық округтердің бірінде әкім жүргізушісі мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасаған.
«Ер адам тізгінге ие бола алмай, шам бағанасына соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Катонқарағай ауылдық әкімдігіне материалдық шығын келді. Келтірген шығынды жүргізуші өз еркімен өтеді», - деп хабарлады жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сот жүргізушіні ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 20 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды.
Сондай-ақ ер адам жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.