$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.10.2023, 10:40
Оқиғалар

Алматы облысында жалған ақша жасаушылар ұсталды

Екі азамат 100 долларлық жалған купюраны 15 мың теңгеден өткізіп жүрген

Алматы облысында жалған ақша жасаушылар ұсталды

ҚМА Алматы облысы бойынша департаментімен жалған АҚШ долларын сақтау мен өткізу мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Екі азамат 100 долларлық жалған купюраны 15 мың теңгеден өткізетіндігі анықталды.

Кезекті жалған ақшаны өткізу барысында күдікті тұлғалар ұсталып, жүргізілген тінту барысында 6,5 мың АҚШ доллары анықталып алынды.

«Кінәлі тұлғаларға қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары