$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.07.2023, 13:27
Оқиғалар

Қостанай облысында жалған доллар жасап сатумен айналысқандар сотталды

Олардан 29 мың долларға жуық жалған ақша тәркіленді

Қостанай облысында жалған доллар жасап сатумен айналысқандар сотталды

Қостанайда 5 азамат өңір аумағы мен Астанада жалған АҚШ долларын сатқаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, Шарапиев С., валют тауып әкелумен айналысса, Қостанай облысының аумағында сатуды Жакупов Т. және Шаймердинов А., Астана аумағында таратуды ерлі-зайыпты Бердімұратовтар жүргізген.

«30 000 жалған доллардың 28 600-і сотқа дейінгі тергеу барысында анықталып, тәркіленді», - делінген хабарламада.

Аталған қылмыстарды жасағаны үшін сотталушыларға «Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу» бабымен, сондай-ақ жәбірленушілерді алдау фактілері болғандықтан «Алаяқтық» бабы бойынша айып тағылды.

«Сот үкімімен Шарапиев С. ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде 5,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына, Шаймердинов А. мен Жакупов Т. орташа қауіпсіздік мекемесінде 5,5 жылға дейін, Бердімұратовтар жұбайлары шартты түрде 5 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды», - делінген ҚМА хабарламасында.

ҚМА мемлекеттің қаржылық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін «көлеңкелі» экономика саласындағы қылмыстар фактілерін ашуға бағытталған іс-шараларды жалғастыратын болады.

«ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі», - деді ведомство өкілдері.

Серіктес жаңалықтары