$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.06.2023, 21:51
Оқиғалар

Атырау облысының тұрғыны әкесін ұрып өлтірді

Қазір күдікті тергеу изоляторында

Атырау облысының тұрғыны әкесін ұрып өлтірді
Фото ашық дереккөзден

Атырау облысының тұрғыны әкесін ұрып өлтірді. Оқиға Индер ауданындағы Есбол ауылында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.

 Отбасылық жанжал неден туындағаны әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр. Белгілісі 38 жастағы күдікті ата-анасынан бөлек, қалада тұрған. Ал марқұм зейнет жасына қармастан вахталық әдіспен жұмыс істеп жүрген. Қазір күдікті тергеу изоляторында.

 «Индер ауданындағы адам өліміне қатысты қазіргі таңда ҚК 106-бабы 3-бөліімен адамға қасақана дене жарақатын салу нәижесінде адам өліміне әкелген қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот медицианлық сараптамасы тағайындалды. Қазіргі таңда күдікті мен жәбірленушінің бір -біріне туысқандық қарым-қатынасы, әкесі мен баласы болып келетіндігі анықталып отыр», - деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Серіктес жаңалықтары