$ 497.26  525.21  4.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.06.2023, 17:51
Оқиғалар

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзарды

Ол қаңтар оқиғасы кезінде Дикий Арманмен бірге адам жинауды ұйымдастырды деген күдікке ілінген

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзарды

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 21 тамызына дейін ұзартты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылы 20 маусымдағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни күдікті 2023 жылдың 21 тамызына дейін қамауда отырады», - делінген сот хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Алматы прокуратурасында Алматы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергенге қатысты істің мән-жайы жарияланған болатын. Белгілі болғандай, қаңтар оқиғасы кезінде Қайрат Құдайберген Алматыда 24 адамды ұрлап кеткені үшін (кейін олардың бірі қайтыс болды) айыпталған. Арман Жұмагелдиевтің жанында жүрген. Қазір үстінен іс қозғалған «Дикий Арман» қамауда жатыр. Ал Қайрат Құдайбергеннің өзі жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен 22 сәуірде уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. 20 шілдеде Қ. Құдайберген Алматы қалалық мәслихатындағы депутаттық мандатынан айырылып, «AMANAT» партиясынан шығарылды.

Серіктес жаңалықтары