$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.05.2023, 11:52
Оқиғалар

Қостанайда мектеп оқушысы үйінде ата-анасы жоқ кезде төртінші қабаттан құлап кеткен

Құлаған қыз түрлі сынықтармен ауруханаға жеткізілді

Қостанайда мектеп оқушысы үйінде ата-анасы жоқ кезде төртінші қабаттан құлап кеткен
Фото ашық дереккөзден

Қостанайда мектеп оқушысы үйінде ата-анасы жоқ кезде төртінші қабаттан құлаған. Бұл ақпаратты Қостанай облысының полиция департаменті растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департаменттің мәліметінше, кеше, 27 мамыр күні сағат 11:00 шамасында Шаяхметов көшесіндегі №169 үйдің төртінші қабатындағы пәтердің терезесінен 13 жасар оқушы құлап кеткен.

Бұл жайында полицияға оқиғаға куә болған көршілер хабарлаған. Олар сондай-ақ жедел жәрдем шақырып, қыздың ата-анасына қоңырау шалады. Қыздың әкесі мен шешесі бұл кезде жұмыста болған.

Мектеп оқушысы полицияның сұрағына әдейі емес, абайсызда құлап кеткенін айтып түсіндірді. Пәтерде сондай-ақ қыздың 9 жасар сіңлісі мен 2 жасар інісі болған.

Құлаған қыз түрлі сынықтармен ауруханаға жеткізілді.

Ведомство жыл басынан бері облыс бойынша осымен сегізінші бала терезеден құлап кеткенін мәлімдеді. Полиция ата-аналардан баласын қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары