25.05.2023, 08:36
Оқиғалар
Абай облысындағы орман өрті 3500 гектардан астам аумақты шарпыды
Қазіргі уақытта елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ
Фото: gov.kz
Абай облысы Бородулиха ауданындағы «Семей орманы» қорығында орман өрті 3500 гектардан астам жерді шарпыған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Abainews Тelegram-каналының жазуынша, үш учаскеде авиациялық және автокөлік техникасы арқылы өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Мамандардың айтуынша, секундына 6-10 метрге жететін екпінді жел, сондай-ақ тығыз өсетін дәнді дақылдар мен сортаңды аумақтардың болуы өрт сөндіруді қиындатып отыр, бұл өрттің өршуіне себеп болуда.
«Абай облысындағы өртті сөндіруде Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола облыстарының өрт сөндіруші-құтқарушылары көмекке келді», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
19.10.2026, 15:25
Қазақстандықтардың әл-ауқатын болжайтын калькулятор істен шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды