$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.03.2023, 09:52
Оқиғалар

«Пара алған»: Алматыда жылу желілері басшысына сот үкім шығарды

Кәсіпорынның өзге де басшылары сотталды

«Пара алған»: Алматыда жылу желілері басшысына сот үкім шығарды
Коллаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

«Алматы жылу желілерінің» бас директоры мен басқа да басшылары жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотының үкімімен пара алғаны үшін: 

  • «Алматы жылу желілері» ЖШС бас директоры К. Бейсенбиновке 560 млн теңге сомасындағы айыппұлға;
  • АЖЖ бас инженері Д. Қазымбетов 560 млн теңге сомасындағы айыппұлға;
  • АЖЖ Күрделі құрылыс басқармасының бастығы С. Жыңғылбаев 560 млн теңге көлеміндегі айыппұлға;
  • пара бергені үшін «СпецКоммунСтрой» ЖШС директоры Б.Разимбеков 400 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындаумен сотталды.

Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сотталғандар үшін айыппұлдың жалпы сомасы 2 млрд 80 млн теңгені құрады, бұл 350 орындық мектеп немесе 320 орындық балабақша құрылысының бюджетіне тең.

«АЖЖ лауазымды тұлғалары Алматы қаласында жылу желілерін қайта құру туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және ақша қаражатын аударғаны үшін Б. Разимбековтен 16 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктенді», - делінген Антикор хабарламасында.

ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады (сот үкімі заңды күшіне енген жоқ).

Серіктес жаңалықтары