$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.11.2022, 09:52
Оқиғалар

Орал тұрғыны туған бауырын өлтірді деген күдікке ілінді

Қайғылы оқиға 8 қарашада кешкі уақытта болған

Орал тұрғыны туған бауырын өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: ашық дереккөзден

Орал тұрғыны туған інісін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 8 қарашада кешкі уақытта болған.

«47 жастағы ер адам Циолковский көшесіндегі өз пәтерінде жедел жәрдем келгенше пышақ жарақатынан көз жұмды. Полицейлер кісі өлтірді деген күдікпен Орал қаласының 49 жастағы тұрғынын ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, өлтірілген адамның денесі сараптамаға жіберілді.», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Белгілі болғандай, екі ер адам бір-бірімен ағайынды болған. Алайда Полиция департаменті олардың арасындағы туыстық байланысты растамады, бірақ жоққа да шығарған жоқ.

Серіктес жаңалықтары